Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді

Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді

 

  • 24 Маусым 2019
  • 44
Фото - Caravan.kz


Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"34 адам Ордабасы аудандық орталық ауруханасының дәрігерлер көмегіне жүгінді. Олардың барлығы тексерілді", — деп хабарлады ведомство өкілдері. Арыстағы төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды Қазіргі уақытта Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың басқаруымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр. "Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ауруханасында 200-ден аса науқасқа арналған орын дайындалды. 30 жедел жәрдем көліктерін Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды. Тағы да қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын. Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлер құрылған медициналық штабқа жиналды. Қазіргі кезде жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емханасынан науқастар эвакуация жасалды", — делінген хабарламада. Осыған дейін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласындағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ — Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыстар жайлы "Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қаласындағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет", — деп жазды Президент. Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр. Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді — тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.
 

Соңғы жаңалықтар