"Арыздар мен өтініштер түспеді": Полиция 10-11 жастағы қыздарға хат жазған блогерге қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 524.75
  • 540.6
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Арыздар мен өтініштер түспеді": Полиция 10-11 жастағы қыздарға хат жазған блогерге қатысты пікір білдірді

"Арыздар мен өтініштер түспеді": Полиция 10-11 жастағы қыздарға хат жазған блогерге қатысты пікір білдірді

Алматы қаласы полиция департаменті әлеуметтік желіде шу тудырған жағдайға қатысты пікір білдірді

  • 10 Қаңтар
  • 2
Massaget.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Желіде шу неден пайда болды?

Танымал блогер Құлпынай Калменова желіде күйеуімен ажырасуына кішкентай қыздармен көңіл жарастырып, педофилизмге бой алдырғаны себеп болғанын жазды. Блогер бұрынғы күйеуі Қолғанаттың ұялы телефонынан кішкентай қыздармен сөйлескен хаттарын, бірге түскен фотоларын тауып, оны желіге жариялады.

Блогер 10-11 жастағы қыздардың аналарына сол күні ескерткенін айтты. Алайда кішкентай қыздардың аналары бұл жағдайға жеткілікті деңгейде көңіл бөлмей отырғанын жеткізді. Ол таратқан видеода күйеуінің Whatsapp-та екі кішкентай қызды «Айшам» және «Тырысқағым» деп сақтап қойғанын байқауға болады. Сондай-ақ ол қыздарға түнде «ғашық болып қалдым», «кешірші, жаным» деп жазған.

Кейін Қолғанат Жұмабаев қыздардың ата-аналарымен видео жариялады. Ол жерде қыздардың ата-аналары Қолғанат оларға аға ретінде қарайтынын және Құлпынай Калменованы сотқа беретінін айтады.

instagram.com/roza.coach

Бұл жағдай желіде қатты шу тудырды. Бұл оқиғаны танымал коуч Роза Әшірбаева, адвокат Жанна Уразбахова және басқа да блогерлер таратып, балалардың құқықтарын қорғау органдарынан көмек сұрап жатыр.

Полиция не дейді?

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Жала жабу фактісі бойынша Наурызбай ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын жұбайына қатысты өтінішпен жүгінді. Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Педофилия фактісі бойынша полицияға арыздар мен өтініштер түспеді», — деп жауап берді ПД.