Арзан баспаналы болудан үмітті ақтаулықтар әкімдік алдында шу көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арзан баспаналы болудан үмітті ақтаулықтар әкімдік алдында шу көтерді

Арзан баспаналы болудан үмітті ақтаулықтар әкімдік алдында шу көтерді

Арзан баспаналы болудан үміті бар ақтаулықтар бүгін қалалық әкімдік алдында шу шығарды. Олар «Қазақстан ипотекалық компаниясы» арқылы берілетін жалдамалы пәтер алуға құжат тапсыруға келген. Алайда өздері құрған тізімді жоғалтып алып, тұрғындар жаға жыртыса жаздады. Сондықтан құжат қабылдау орталығының есігіне полицейлерден жасақталған қосымша күзет қоюға тура келген.  

  • 11 Қыркүйек 2015
  • 415
Фото - Caravan.kz

Осымен екінші күн: Ақтау қаласы әкімдігінің маңы айғайлап-шулап, жылап-сықтағандарға толы. Мына азаматқа қарай қол созған бұл көпшілік көптен бері баспанаға жете алмай жүргендер. Билік таяуда «үй кезегінде тұрғандарға «Қазақстан ипотекалық компаниясы» арқылы жалдамалы пәтер беріледі» деп хабарлаған. Оны ести сала халық әкімдікке лап қойды.

Дариға Жасарова, Ақтау қаласының тұрғыны:

— Документтің бәрін тапсыра алмай тұрмын. Мынау не жағдай. Соғыс кезінде де мұндай болған жоқ. 4-тен бері тұрмыз. 5-тен бері тұрмыз. Неге өңіменімнен итереді полицейлер, неге адамға жағдай жасамайды.

Алдымен тұрғындар өздері тізім жасап көрмек болған. Алайда ертерек тіркелуге асыққан ел оған бағынған жоқ. Кезегін жоғалтып алмас үшін қабырға мен есікке өрмелеп кетті. Тек түстен кейін ғана қайта тізім жасап, адамдарды екі-екіден ғана құжат тапсыруға жібере бастады. Есіктің алдына полицейлерден жасақталған қосымша күзет қоюға тура келген.

Берік Ізғалиев, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:

— Ажиотаж жасаудың қажеті жоқ. 15-не дейін құжат қабылдаймыз. Барлығы кезекке бағынса, барлығы тәртіппен болады…

Жалдамалы пәтерге бір аптаның ішінде 1000-ға тарта адам үміткер ретінде тіркеледі деп күтілуде. Ал берілетін үй – 100 пәтерлік қана. Сондықтан құжат тапсырғандардың бәрі баспаналы бола алмайды. Комиссия ең алдымен олардың төлем қабілетіне қарамақ. Сонда да баспаналы болудан үмітті 6000 адам әкімдікке қарай ағылып жатты.

Арзан баспана алудан үміттілер кезегін күні бойы күтуге тура келді. Кешке дейін жиналған жұртшылықтың тек жарымы ғана құжат тапсырып шыққан. Үлгермегендері кезегін өткізіп алмауы үшін бүгін әкімдіктің алдына түнеуге бел буып отыр.

Соңғы жаңалықтар