Арзан көліктің ауылы алыстап бара жатқан сияқты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арзан көліктің ауылы алыстап бара жатқан сияқты

Арзан көліктің ауылы алыстап бара жатқан сияқты

Арзан көліктің ауылы алыстап бара жатқан сияқты. Бұл  мәселе қоғамды дүрліктіріп тұр. Кедендік Одақ аясында алдымыздағы шілде айынан бастап біртұтас кеден тарифі күшіне енеді. Яғни Одақ шеңберінен тыс үшінші елден кіретін көліктерге төленетін кедендік баж салығы бірнеше есеге өсетіні мәлім. Сәйкесінше,осыдан кейін  еліміздегі  көлік бағасының да артатыны сөзсіз. Сарапшылардың сөзінше, күзде көлік бағасы 40 пайызға дейін көтеріледі. Сонымен алдағы уақытта көлік саудасы қандай болмақ?

  • 14 Маусым 2011
  • 444
Фото - Caravan.kz

Басын ашып айтайық, көлікке қатысты баж салығын өсіру ең әуелі Ресей үшін тиімді. Өйткені көрші елдің автомобиль өндірісімен айналысатын бірнеше ірі зауыты бар. Ал енді  Кеден одағы елдеріне сырттан көлік кірмесе, онда Ресей автозауыттарының тасы өрге домалады дей беріңіз. Осылайша біраз уақыттан кейін Ресей көліктерін алмасқа амалыңыз қалмайды, -дейді мамандар.

Эдуард Эдоков, Қазақстандағы тәуелсіз автомобилистер одағының төрағасы:

 Меніңше, ұсталған көліктерді әкелудің заманы бітті. Тіпті үш жыл немесе жасы одан да үлкен көліктердің өзі енді қымбатқа түседі. Оларды сатып алу мүлдем тиімсіз болады.

Қазір үлгіргендері сырттан тапсырыс беріп,көліктерін жаңартып алды. Ал қалғандары арзан көлік іздеп, Қырғызстанның автобазарында жүр. Бірақ ол жерден де ұтатыныңыз шамалы. Одан қала берді ресейлік пысықай автодиллерлер Қазақстаннан бұрын мінілген көліктерді көптеп сатып алып, әкетіп жатқан көрінеді. «Ертең баға өскенде қайта сатып, табыс көру үшін», -дейді сарапшылар. Енді осыдан кейін елімізде көлік бағасының қымбаттай беретіндігі айдан анық.    


Геннадий Шестаков
, Қазақстандық кедендік брокерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы:

— Нарықтағы көлік саудасы ешқашан өлмейді. Қалай болды, солай қалады. Бірақ ертең жеңілдік тоқтап, кедендік төлем өскеннен кейін көлік бағасы 40, тіпті  80 пайызға дейін артады. Айырмашылығы тек осында ғана.    

Кеден одағы елдерінен тыс шетелдік жайлы, ыңғайлы,жүйрік көліктердің әрі кетсе келер жылдың күзіне дейін саудасы жүреді. Одан әрі қарай қаласаңыз да, қаламасаңыз да,ресейлік автокөліктерді мінуге тура келеді. Отандық сарапшы мамандардың пікірі осындай. Өйткені сырттан әкелінетін бір ғана көліктің өзін рәсімдеуге, кедендік баж салығын төлеуге шамамен 10-15 мың доллардай қаражат кетеді екен. 

Соңғы жаңалықтар