Аса ауыр қылмыстар жасаған Д. Боцинян мен А. Қалбаевты Қазақстанға алып келді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аса ауыр қылмыстар жасаған Д. Боцинян мен А. Қалбаевты Қазақстанға алып келді

Аса ауыр қылмыстар жасаған Д. Боцинян мен А. Қалбаевты Қазақстанға алып келді

Бүгін Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігі Интерполының қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен

  • 17 Қыркүйек 2015
  • 365
Фото - Caravan.kz

еліміздің азаматтары Давыд Боцинян мен Айбек Қалбаевты Қазақстанға алып келді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұранысына сәйкес Финляндия Республикасының Әділет министрлігі ағымдағы жылдың 14 тамызында аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін Астана қаласы ІІД-нің іздеуіндегі Д.Боцинянды беру туралы шешім қабылдады. Ол 2009 жылы аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін, сонымен қатар сату мақсатымен аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін айыпталуда.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы 24 жасар А.Қалбаевты қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 2014 жылдың 28 ақпанында беларусьтік сот белгілеген жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстанға беру туралы шешім қабылдады.


Жеткізілген азаматтар Астана қаласының тергеу оқшаулағышына қамауға алынды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар