Аса ауыр салмаққа ауысқан Айбек Оралбай алғашқы жекпе-жегінде уақытынан бұрын жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 480.11
  • 532.25
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
2 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аса ауыр салмаққа ауысқан Айбек Оралбай алғашқы жекпе-жегінде уақытынан бұрын жеңіске жетті

Аса ауыр салмаққа ауысқан Айбек Оралбай алғашқы жекпе-жегінде уақытынан бұрын жеңіске жетті

Айбек Оралбай Шымкенттегі Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирінде уақытынан бұрын жеңіске жетті.

  • 2 Қазан
  • 5
ҰОК

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында ғана бокстан Ұлттық құраманың капитаны атанып, аса ауыр салмаққа ауысқан Айбек Оралбай Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің алғашқы айналымында жарқын жеңіске жетті. Ол аса ауыр салмақтағы алғашқы жекпе-жегін украиналық Кирилл Стоянцевке қарсы өткізіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша капитан екінші айналымға жолдама алды. Енді ол екінші кезеңде түркиялық Угур Айдемирге қарсы жұдырықтасады.

Айта кетейік, жарысқа Қазақстанның барлық аймағынан және бірнеше елден 150 боксшы қатысып жатыр. Осымен 43-рет өтіп жатқан бұл турнирде Қазақстан боксшылары Азия чемпионатына іріктеліп, құрам жасақталады.