Аса қауіпті қылмыскерлерді ұстауға ішкі істердің арнайы жасағы тартылды - Ақтөбе - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аса қауіпті қылмыскерлерді ұстауға ішкі істердің арнайы жасағы тартылды - Ақтөбе

Аса қауіпті қылмыскерлерді ұстауға ішкі істердің арнайы жасағы тартылды - Ақтөбе

Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Шұбаршы ауылында болған қылмысқа - полицейлерді өлтіруге қатысы бар деген алты күдікті анықталды, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінен.

  • 4 Шiлде 2011
  • 486
Фото - Caravan.kz

Полицейлердің анықтауынша, полицияның қызмет көлігіне қарулы шабуылды Темір ауданының алты тұрғыны жасаған, олардың төртеуі — осы оқиға болған Шұбаршы ауданынан.

Күдіктілердің ересегі — 43 жаста, қалғандары — 22-27 жастың аралығында. Шабуыл жасалған «Мицубиси Делика» көлігінің иесі — Шұбаршы ауылының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қылмыстың бетін ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылғанын ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын. Оқиға орнын тексеру кезінде патрон гильзалары тәркіленіп, оларға сараптама жүргізілді. Сондай-ақ Шұбаршы ауылының іргесінен қылмыскерлер тастап кеткен «Митсубиси Делика» көлігі табылды.

Аса қауіпті қылмыскерлерді ұстауға Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар», «Бүркіт», «Арлан», «СОБР» жасақтары, Ақтөбе облысы Ішкі істер департаменті мен ішкі әскердің жеке құрамы жұмылдырылып отыр.

Қазір тәртіп сақшылары күдіктілерді іздестіруде.

Соңғы жаңалықтар