Жарияланды: 340

Аса қажетті технологияларды дамыту үшін нысаналы бағдарламалар қабылданатын болды

2013 жылдан бастап Қазақстанда аса қажетті технологияларды дамыту үшін нысаналы бағдарламалар қабылданатын болады.

Бұл туралы бүгін «Шағын және орта бизнеске инвестициялар - Қазақстанның орнықты экономикалық өсімінің факторы» атты тақырыпта өтіп жатқан форумда ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Тілеушин мәлім етті. «Мемлекет басшысы технологиялық форсайт әзірлеп, оны өткізу жөніндегі маңызды міндеттерді жүктеген болатын. Бұдан бөлек, еліміз үшін алдағы 10-15 жылдар барысында дамытуға аса маңызды саналатын қажетті технологияларды анықтауды тапсырған еді. Осыған орай, біз бірқатар басым технологияларды анықтадық. Әрбір технология бойынша нысаналы бағдарлама жасалады. Бұл біздің еліміз үшін мүлдем жаңа құрал болмақ. Қазіргі таңда бұл мәселе әзірленіп, сараланып, талдануда, менің ойымша келесі жылдан бастап іске қосыла бастайтын болады», - деді Қ.Тілеушин. Еске сала кетсек, аталған форум «KAZadvancement» Шағын және орта бизнесті дамыту қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «Kaznex Invest» Инвестиция және экспорт жөніндегі агенттік» АҚ қолдауымен өтуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін