Қазақ киносының мэтры Асанәлі Әшімовтың жуырда 80 жасқа толған мерейтойы өткені белгілі. Көпшілік кіші Асанәліні сол көзде алғаш рет көрді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.Танымал кино майталманының ұлы сол кеште әкесіне арнап ән салған еді. Жуырда ғаламторда кіші Асанәлінің сол әні тарай бастады.
Баланың тұнық дауысы мен әні көпшілікке қатты ұнады. Сондай-ақ желіге Асанәлі Әшімов пен жары Бағдаттың отбасылық суреттері де тарап кетті.
Көпшілік танымал отбасына бақыт, кіші Асанәлінің үлкен азамат болуын тілеген.
Еске салсақ, белгілі кино актер 70 жасқа таяған шағында әке атанған болатын.