"Асар" мен "Отан" алдағы сайлауда Назарбаевты қолдау үшін халықтық коалиция құрмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Асар" мен "Отан" алдағы сайлауда Назарбаевты қолдау үшін халықтық коалиция құрмақшы

"Асар" мен "Отан" алдағы сайлауда Назарбаевты қолдау үшін халықтық коалиция құрмақшы

"Асар" мен "Отан" жуырда өтетін кезектен тыс құрылтайларында қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын алдағы сайлауда қолдау үшін Халықтық коалиция құру туралы бастама көтермек. Бұл туралы бүгін, 7-қыркүйекте Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Асар" республикалық партиясының төрайымы Дариға Назарбаева мен республикалық "Отан" партиясы төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Қыркүйек 2005
  • 489
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі мемлекет басшысының саясатын қолдайтын, конструктивтік сипаттағы ұстанымға бағынатын барлық саяси партиялар үшін жеке басының амбициясы мен ұсақ-түйек өкпе-наразылықтарын кейінге ысырып, жеңіске жету үшін күш біріктіретін сын сағаты туды»,- деп мәлімдеді «Асар» төрайымы Дариға Назарбаева.
«Біз партиялардың құрылтайында қазіргі президентті қолдау үшін Халықтық коалицияны бірлесіп құру мәселесін қарау туралы ортақ пікірге келдік. Менімше, бұл — уақытын тапқан бастама және бұл мәселені біздің ертеңгі сьезге шығаруымыз да дер кезінде жасалған қадам»,- деді Б.Жұмағұлов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, республикалық «Отан» партиясының құрылтайы ертең, 9-қыркүйекте Алматыда өтеді. Ал «Асар» республикалық партиясының құрылтайы 14-қыркүйекке белгіленген.

i>
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта