"Асар", "Отан" және Қазақстанның азаматтық партияларының парламенттік фракциялары соғыс ардагерлерін әлеуметтік қорғау жөніндегі заң жобасын қабылдату мақсатында күш біріктірмекші - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Асар", "Отан" және Қазақстанның азаматтық партияларының парламенттік фракциялары соғыс ардагерлерін әлеуметтік қорғау жөніндегі заң жобасын қабылдату мақсатында күш біріктірмекші

"Асар", "Отан" және Қазақстанның азаматтық партияларының парламенттік фракциялары соғыс ардагерлерін әлеуметтік қорғау жөніндегі заң жобасын қабылдату мақсатында күш біріктірмекші

"Асар", "Отан" және Қазақстанның азаматтық партияларының парламенттік фракциялары "Соғыс және әскери қақтығыстарға қатысушы ардагерлерді әлеуметтік қорғау" жөніндегі заң жобасын қабылдату мақсатында күш біріктірмекші. Бұл туралы бүгін, 20-сәуірде "Асар" партиясының парламенттік бірлестігі аталмыш проблемаға орай ұйымдастырған дөңгелек үстелде фракция жетекшілері мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 20 Сәуiр 2004
  • 809
Фото - Caravan.kz

«Асар» партиясы фракциясының жетекшісі сенат депутаты Рашид Ахметов «мүгедектер проблемасын шешу қажеттігіне» әріптестерінің назарын аударды. Оның пікірінше, бұл бағытта тек үкіметпен ғана емес, сонымен бірге «ардагерлер ұйымдарын қамқорлыққа алуға мүмкіндігі бар» «шаруашылық субьектілерімен де» жұмыс жүргізу қажет.

«Отан» фракциясының жетекшісі, мәжіліс депутаты Қайролла Ережепов «аталмыш заңды қабылдау үшін күш біріктіру қажет» деп мәлімдеді. Осы орайда ол соғыс ардагерлерін әлеуметтік қорғау жөніндегі заң жобасын жасау туралы бастаманы екінші шақырылған парламенттің де көтергенін, алайда, оның үкімет тарапынан қолдау таппағанын еске сала кетті.
Өз кезегінде Қазақстанның азаматтық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, мәжіліс депутаты Рахмет Мұқашев «Асар» фракциясының «бастамасы қолдауға тұрарлық» деп атап өтті. Ол ардагерлерді әлеуметтік қорғауды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөнінде үкіметпен белсенді жұмыс істеу қажеттігіне тоқталды. Ол сондай-ақ, «ардагерлерге нақты жәрдем көрсетілуі үшін өндірістік құрылымдармен және кәсіпорындармен жұмыстар жүргізу» мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушы мәжіліс депутаты, ҚР Ардагерлер ұйымдары Орталық кеңесінің төрағасы Махтай Сағдиев партиялық фракцияларға осынау күрделі проблемаға назар аударғаны үшін ризашылық білдірді. Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен Қазақстанда 1,6 млн. соғыс ардагері бар, олардың 39 мыңы Ұлы Отан соғысының ардагері болса, 110-120 мыңы тыл қызметкерлері. М.Сағдиев ардагерлерге қатысты тез арада шешімін табуды қажет ететін бірқатар проблема бар екенін айтты. Атап айтсақ, ұйым төрағасының пікірінше, соғыс жылдарында тылда тер төккендерге мемлекеттік жәрдем беруді заңдық тұрғыда қамтамасыз ету қажет. «Оларға ешқандай жеңілдіктер қарастырылмағандықтан, ең төменгі зейнетақыны місе тұтуға мәжбүр»,- деді М.Сағдиев. Сондай-ақ, оның айтуынша, соғыс ардагерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасы да күрделі күйінде қалып отыр. «Көптеген соғыс ардагерлері күні бүгінге дейін жатақханаларда тұрады»,- деді ҚР Ардагерлер ұйымдары Орталық кеңесінің төрағасы. Оның айтуынша, тек Астана қаласының өзінде осындай соғыс ардагерлерінң саны 1,8 мыңнан асады.
Осы орайда М.Сағдиев соғыс ардагерлерін әлеуметтік қолдауға бағытталған шығындар көлемі жыл өткен сайын азайып келе жатқанына назар аударды. Егер екінші шақырылған парламент жұмыс істей бастаған бастапқы кезеңде осындай шығындар көлемі 17-18 млрд. теңгені құраса, қазір бұл сан 7-8 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Қазір ең жас тыл қызметкері 73 жаста, Ұлы Отан соғысының ең жас ардагері 82 жаста.

Соңғы жаңалықтар