"Асар" партияның саяси кеңесі мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Асар" партияның саяси кеңесі  мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізілді

"Асар" партияның саяси кеңесі мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізілді

Бүгін, 7-маусымда "Асар" республикалық партиясының кезектен тыс төртінші құрылтайында сьезд делегаттары партияның саяси кеңесі мүшелерінің құрамынан Владимир Рерих пен Роман Копытинді шығару туралы шешім шығарды. Сонымен бірге жуырда мезгілсіз қайтыс болған Өмірзақ Сұлтанғазин марқұм партияның саяси кеңесі мүшелерінің құрамынан шығарылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Маусым 2005
  • 572
Фото - Caravan.kz

«Партияның саяси кеңесі мүшелерінің құрамынан Рерих пен Копытинді шығарудың өзіндік себептері бар. Өйткені, партияның саяси кеңесі жұмысшы орган болып саналады, онда нышандық генералдарға орын жоқ. Рерихтың саяси кеңес құрамынан шығуына жеке басына қатысты жағдай әсер етсе, Копытин — Қазақстанның Футбол одағының мүшесі болғандықтан, негізгі жұмыс орнында қолы босамайды»,- деді партия жетекшісі.

Сьезд саяси кеңестің жаңа мүшелері етіп мәжіліс депутаты Вера Сухорукованы, «Қостанай жаңалықтары» газетінің бас редакторы Сергей Харченконы, заңгер — «Асар» республикалық партиясы төрайымының орынбасары Серік Нұғмановты, Ауған соғысы мен жергілікті соғыс ардагерлерінің республикалық комитеті төралқасының мүшесі Мұрат Қалматаевты, ұйғыр мәдени орталығының жетекшісі — «БеНТ» АҚ-ның президенті Дильмұрат Күзиевті сайлады.

Перейти к новостям спорта