"Асар" партиясы еліміздегі саяси ахуалды түбегейлі өзгертуге бағытталған бірқатар қадамдарды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Асар" партиясы еліміздегі саяси ахуалды түбегейлі өзгертуге бағытталған бірқатар қадамдарды ұсынды

"Асар" партиясы еліміздегі саяси ахуалды түбегейлі өзгертуге бағытталған бірқатар қадамдарды ұсынды

"Асар" партиясы еліміздегі саяси ахуалды түбегейлі өзгертуге бағытталған бірқатар қадамдарды ұсынды. Бүгін, 31-қаңтарда Алматыда өтіп жатқан партияның бірінші құрылтайында партияның бастамаларын бірлестіктің саяси кеңесінің мүшесі Ерлан Қарин оқып таныстырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Қаңтар 2004
  • 497
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «Асар» партиясының ұсыныстары «уақыт талаптарына сай келеді». Партия қоғамдағы әртүрлі топтар арасында, атап айтсақ, билік пен оппозиция арасында сапалық жоғары деңгейдегі диалог орнатып, саяси реформалар жөніндегі Жалпыұлттық бағдарлама жобасын бірлесе жасап шығаруды ұсынады. Партия саяси кеңесі мүшесінің пікірінше, бұл процесс түрлі партиялар мен қозғалыстардың өзара саяси ықпалдастыққа әзірлігін айқындайды.

Е.Қарин сондай-ақ, құрылтайға қатысушыларға «Әділетті сайлау-2004» хартиясының жобасын жасау жайындағы бастамамен таныстырды. Бұл құжат еліміздегі барлық саяси күштерге сайлауға дайындықтар мен оны өткізу барысын бірлесе қадағалауға және «сайлаушыларды алдап-арбауға жол бермеуге» мүмкіндік тудырады,- деп пайымдайды Е.Қарин.
Бұған қоса «Асар» еліміздің барлық аймақтарында бақылаушы-үйлестіруші орталықтар құруды ұсынады. Олар сайлау барысына бақылау жасап, өз мәліметтерін ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберіп отыруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар