"Асар" партиясы лидерінің пайымдауынша, елімізде нан бағасын мемлекеттік реттеу тәртібін қайтадан қолданысқа енгізу қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Асар" партиясы лидерінің пайымдауынша, елімізде нан бағасын мемлекеттік реттеу тәртібін қайтадан қолданысқа енгізу қажет

"Асар" партиясы лидерінің пайымдауынша, елімізде нан бағасын мемлекеттік реттеу тәртібін қайтадан қолданысқа енгізу қажет

"Асар" партиясының лидері Дариға Назарбаеваның пайымдауынша, елімізде нан бағасын мемлекеттік реттеу үрдісін қайтадан қолданысқа енгізу қажет. Бұл туралы ол бүгін, 3-наурызда "Асар" партиясының Алматы қалалық конференциясында сөйлеген сөзінде атап көрсетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Наурыз 2004
  • 984
Фото - Caravan.kz

Д.Назарбаеваның атап көрсетуінше, бүгінде нан бағасының қымбаттап бара жатқаны туралы ақпарат шын мәнінде «бүркемеленіп отыр». Осы орайда «Асар» партиясының жетекшісі кеше Ақтөбеде нан бағасының қымбаттағаны туралы ақпараттың пайда болғанына назар аударды. «Ал әкімдер болса, нан бағасын қымбаттатпау үшін қолдан келгеннің бәрі жасап жатырмыз деп жар салған болатын»,- деді ол.

Д.Назарбаева бұл проблеманы «әлеуметтік» проблемалар санатына қосып, «кедейлер үшін қазіргі таңда нан мен қант негізгі өнімдер екенін» атап өтті. «Бұлар — стратегиялық ресурсқа жатады. Сол себепті бағаны мемлекеттік реттеусіз проблеманы шешу мүмкін емес»,- деді Д.Назарбаева.
«Жалпы дүниежүзінде, соның ішінде жоғары дамыған өркениетті елдерде фермерлік шаруашылыққа мемлекеттік тапсырыс беру және бағаны реттеу есебінен белсенді қолдау көрсету үрдісі бүгінге дейін сақталған»,- деді ол.
«Асар» партиясы аталмыш проблеманы шешуге баса назар аударады деді Д.Назарбаева.

Соңғы жаңалықтар