М.Қалматаевтың айтуынша, «Қазбат» капитаны Қайрат Құдабаевтың қаза табуы мен қазақстандық төрт бітімгершінің жаралануына себепші болған қайғылы оқиға барша Қазақстандық әскерилерге ұрыс оқиғаларына қатысушы мәртебесін беру қажеттігін тағы бір айғақтап отыр.
Қорғаныс министрі қаза тапқан сарбаздың отбасына материалдық көмек көрсетілетінін айтып уәде бергенімен, М.Қалматаев ахуалдың өзгеру мүмкіндігін жоққа шығармайды. «Күні ертең министр өзгере қалса, төлемдер де тыйылуы ғажап емес»,- деді ол. Соғыс ардагерлерін әлеуметтік қорғау туралы міндеттемесін үкіметтің тым құлықсыз орындайтынына ауған соғысы ардагерлерінің ахуалы айқын мысал бола алады , деді М.Қалматаев. Сарбаздарға әскери қақтығысқа қатысушы деген мәртебе беру оларды әлеуметтік қорғау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, деп пайымдайды ол.
Осы орайда «Жастар таңдауы» бірлестігінің тең төрайымы Алина Хаматдинова 21-қаңтарда республикалық шара өткізіліп, түскі сағат 12-де «Қазбат» капитаны Қ.Құдабаевты еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланатынын хабарлады.