Жарияланды: 840

"Асар" партиясы Жалпыұлттық саяси жаңартуар бағдарламасын жасауға кірісті

"Асар" партиясы Жалпыұлттық саяси жаңартуар бағдарламасын жасауға кірісті. Бұл туралы бүгін, 31-қаңтарда Алматыда партияның бірінші құрылтайында сөз сөйлеген "Асар" саяси партиясының төрайымы Дариға Назарбаева мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Д.Назарбаеваның пікірінше, "бірлесе отырып келісіп-пішілген жаңартулар тұжырымдамасы саяси диалогты сапалық жоғары деңгейге көтереді". Д.Назарбаеваның айтуынша, "Асар" партиясы "өткен дәуірдегі иделогиялық ілімдер, түрлер мен қатып қалған қағидаларға бой алдырмаған, 21-ғасырға лайық, жаңаша үлгідегі партия болмақ. Партия халықтың түрлі топтарының мүдделерін арқау ете отырып, нақты істер бағдарламасын ұсынады". "Біз қоғам алдында тұрған ұлығаусар міндеттерді жүзеге асыруға атсалысуға дайын, тың идеялары мен жаңаша көзқарастары бар, Қазақстанның қазіргісі мен болашағы үшін жауапкершілік жүктей алатын адамдардың әлеуетін пайдалануды мақсат етіп қоямыз",- деді "Асар" төрайымы. Д.Назарбаеваның пікірінше, "Қазақстанды дамыту жөніндегі 2030 стратегиясында ұсынылған идеяларға қарсылық білдірген бір де саяси күш елімізде жоқ. Бұл еліміз үшін айрықша маңызды боп саналатын стратегиялық даму мәселесінде елімізде пікір-көзқарас қайшылығы жоқ деп пайымдауға мүмкіндік береді". Сондай-ақ, "Асар" партиясы халықтың қадағалау жүйесін құру туралы идея ұсынады. "Халық бақылауы дегеніміз, мемлекеттік билік органдарының іс-қызметіне тиімді қоғамдық бақылау қою жүйесі болмақ",- деді ол. Д.Назарбаеваның айтуынша, "халықтың қадағалау жүйесі дегеніміз, қазіргі шешімін таппаған қиындықтар туралы ақпараттарды жинау және оны талдау жүйесі болмақ. Оған арнаулы шұғыл телефон желілері, қоғамдық қабылдаулар мен хат бөлімдері қамтылады. Оларға келіп түскен ақпараттар арнаулы дерекқорға қамтылып, солар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін