«Партия өз фракциясын басқарған адамдарды мақтан тұтады»,- деді ол. Партия төрайымының айтуынша, қазір партияның депутаттық топтары қалалық және облыстық мәслихаттарда жұмыс істеуде. «Осындай депутаттық топтар Қарағанды, Тараз, Атырау және Алматыда бар»,- деп атап көрсеткен Д.Назарбаева «бұл тек үлкен істің бастамасы ғана» деп шегеледі өз сөзін.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 30-қаңтарда өткен мәжіліс бюросының кезекті отырысында «Асар» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы шешім қабылданды. Фракцияға 11 депутат қамтылған. Атап айтсақ, бұл топта сенат депутаттары Фарит Ғалымов, Мүсірәлі Өтебаев, Светлана Жалмағамбетова, Әбіш Кекілбаев, Нұрлығайым Жолдасбаева, Рашит Ахметов, Жандарбек Кәкішев, Асқар Қожағалиев және мәжіліс депутаттары Валериан Землянов, Ұзаққали Елеубаев, Нұрдәулет Сәрсенов бар.