"Асар" партиясының парламенттік фракциясы республика көлемінде нан бағасының қымбаттап бара жатқанына қарамастан, үкіметтің әрекетсіздік танытып отырғанына алаңдаушылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Асар" партиясының парламенттік фракциясы республика көлемінде нан бағасының қымбаттап бара жатқанына қарамастан, үкіметтің әрекетсіздік танытып отырғанына алаңдаушылық білдірді

"Асар" партиясының парламенттік фракциясы республика көлемінде нан бағасының қымбаттап бара жатқанына қарамастан, үкіметтің әрекетсіздік танытып отырғанына алаңдаушылық білдірді

"Асар" партиясының парламенттік фракциясы республика көлемінде нан бағасының қымбаттап бара жатқанына қарамастан үкіметтің әрекетсіздік танытып отырғанына алаңдаушылық білдірді. Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында фракция атынан депутат Валерьян Землянов үкімет басшысына сауал жолдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Наурыз 2004
  • 515
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысына жолдаған хатында депутат «Асар» партиясының парламенттік фракциясы үкіметтің жағдайды реттеуге ешбір емеурін танытпай отыруына алаңдаушылық білдіретінін жеткізген. В.Земляновтың айтуынша, «Асар» нан бағасын өсіруге тосқауыл қою қажет деп санайды. Партия сондай-ақ, нан бағасын мемлекеттік реттеу үрдісін қайтадан енгізіп, халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған бөлігін қорғау үшін өтемақы төлеу жайын қарастыру қажеттігін қозғап отыр.

«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде астық стратегиялық өнімге жататындықтан, еліміздегі астық қоры туралы ең соңғы нақты мәліметтерді беруіңізді сұраймын»,- делінген депутат сауалында.
Мәжілістің экология және табиғат қорғау жөніндегі комитетінің төрағасы Тито Сыздықов В.Земляновтың бастамасын қолдап, Павлодар облысындағы өзін депутаттыққа сайлаған округ сайлаушылары да ұн бағасының қымбаттауына наразылық білдіргенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар