"Асар" партиясының сьезінде президенттіктен үміткер ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың аты ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Асар" партиясының сьезінде президенттіктен үміткер ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың аты ұсынылды

"Асар" партиясының сьезінде президенттіктен үміткер ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың аты ұсынылды

Бүгін, 14-қыркүйекте өткен "Асар" республикалық партиясының кезектен тыс сьезінде президенттіктен үміткер ретінде қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың аты ұсынылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Қыркүйек 2005
  • 541
Фото - Caravan.kz



«Баршаңызды Назарбаевты қолдауға шақырамын»,- деді партия жетекшісі Дариға Назарбаева.
Ол Қазақстандағы таңдаулы саяси күштерді топтасуға үндеді. Жаңаша даму кезеңінің табалдырығында тұрған Қазақстанның қазіргіден де ауқымды әрі тың мақсаттарды жүзеге асыруы үшін қоғамдағы барлық конструктивті демократиялық күштер бірігуі қажет, деді Д.Назарбаева. «Біздің «Отан» партиясымен бірлесіп Қазақстанның халықтық коалициясын құру туралы бастама көтеуімізге осы жайт себеп болды»,- деді ол.
«Асар» партиясы сайлаудың ашық әрі әделетті өтуін қолдайды. «Біз ел президентінің Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқықтарын жүзеге асыру шаралары туралы жарлығын қолдаймыз»,- деді Д.Назарбаева.
Партия жетекшісі Коалицияның республика көлеміндегі барлық сайлау учаскелеріне өз бақылаушыларын жіберуге дайын екенін атап өтті. «Жалпы қоғам үшін, біз үшін кіршіксіз әділетті жеңіс керек. Біз қолдайтын саяси бағыт-бағдар жеңіске жетуі қажет»,- деді ол.
Д.Назарбаева Қазақстанның халықтық коалициясын құру туралы бастаманы Демократиялық партияның да қолдағанын еске салды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта