"Асар" партиясының жетекшісі оппозицияның іс-әрекеттеріне сын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Асар" партиясының жетекшісі оппозицияның іс-әрекеттеріне сын айтты

"Асар" партиясының жетекшісі оппозицияның іс-әрекеттеріне сын айтты

"Қазақстандағы оппозиция қоғамда жаппай қолдауға ие бола алмай отыр". Бүгін, 7-маусымда "Асар" республикалық партиясының кезектен тыс төртінші құрылтайында партияның төрайымы Дариға Назарбаева осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Маусым 2005
  • 497
Фото - Caravan.kz

Д.Назарбаеваның айтуынша, «оппозициялық күштердің өткен парламент сайлауында сайлаушылардың 50 процентінің қолдауына ие болғандығы туралы мәлімдемелері бірде-бір социологиялық зерттеумен дәлелденген жоқ».

«Оппозицияның осындай әлсіз қолдауға ие болуы — олар қойып отырған талаптар мен үндеулердің радикалдық сипатқа көшуіне әсер етуде»,- деді д.Назарбаева. «Асар» төрайымының пікірінше, «оппозиция қарапайым халықтың ахуалы мен наразылық-өкпе-назын қолшоқпарға айналдырғанымен, осындай ахуалды өзгертуге ешбір нақты қадамдар жасамай отыр». «Бұл — оппозицяның мүддесіне сай келмейтін нәрсе, дегенмен, оппозициялық күштерде конструктивті бағдарлама жоқ және болуы мүмкін емес», деді Д.Назарбаева.
Партия төрайымының пікірінше, «оппозицияның жоспарлары билікті басып алып, сақтап қалудан әрі аспай отыр». «Осы орайда оппозиция тіпті сайлауда нәтижеге жету үшін күш қолданудан кет әрі емес екенін көпе-көрнеу мәлімдейді»,- деді Д.Назарбаева. Осыған байланысты «Асар» партиясының жетекшісі «оппозицияның осындай пайым-пікірлеріне билік тарапынан да, билікті қолдаушы саяси күштер тарапынан да не құқықтық, не болмаса, моральдық баға берілмеуіне» таңданыс білдірді.
«Қазір оппозиция жағдай ушыға түскен сайын тіптен жақсы деген принципті кәдеге жаратпақшы»,- деді ол. «Еліміздің тағдарын өтпелі жастың дағдарыстарын бастан кешіріп жатқан саясаттың сарыауыз балапандарына сеніп тапсыруға дайынбыз ба? Менің ойымша, дайын емеспіз»,- деп мәлімдеді Д.Назарбаева.

Перейти к новостям спорта