«Асар» партиясының төрайымы сайлаудан «жақты нәтиже күтеді, ең негізгісі, барлық саяси партиялар мен депутаттықтан үміткерлердің күш-жігері мен үміті ақталып, көңілдері қайтпаса болғаны» деп тілейді.
«Сайлау» электронды дауыс беру жүйесін қолдануға қатысты тәжірибе туралы түсініктеме берген Д.Назарбаева «бұл жүйе елімізде алғаш рет пайдаланылғалы отырғандықтан және жаңа техниканы игеру қажеттігіне байланысты қорқыныш пен күдік әзірге , әрине, басым» деді. Алайда, Д.Назарбаеваның пайымдауынша, «бұл — қазіргі заманғы озық технология, әрі бүкіл дүниежүзі оған аяқ басуда». «Электронды дауыс беру жүйесін қолданысқа енгізген жетекші елдердің санатына қосылуды Қазақстан үшін жаман деп ойламаймын»,- деді «Асар» партиясының жетекшісі.