А.Сәрінжіпов: Апатты және үш ауысымдағы мектептер прблемасы 2017 жылға қарай шешіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Сәрінжіпов: Апатты және үш ауысымдағы мектептер прблемасы 2017 жылға қарай шешіледі

А.Сәрінжіпов: Апатты және үш ауысымдағы мектептер прблемасы 2017 жылға қарай шешіледі

Апатты және үш ауысымдағы мектептер прблемасы 2017 жылға қарай шешіледі.

  • 26 Тамыз 2015
  • 576
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті. 

«1 қыркүйекте 7,5 мыңнан астам мектеп 2 млн. 600 мыңнан астам оқушыны қабылдайды, олардың ішінде 336 мыңы — мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бірінші сыныптың балалары. Жыл сайын бірінші сыныпқа баратын балалар саны артып келеді. Осыған байланысты біз үш ауысымдағы және апатты мектептер проблемасын шешуіміз керек. Сәйкесінше, биыл 157 мектеп пайдалануға беріледі. Осы арқылы үш ауысымдағы мектептердің бізде 80-і қалады. Ал бұған дейін 100-ге жуық болған еді. Сонымен қатар апатты мектептер саны екі есеге азайып, 136-дан 66-сы қалады. 2017 жылдың соңына қарай осы проблеманы толықтай шешеміз деп жоспарлап отырмыз», — деді министр. 
Мұнымен қоса, ведомство басшысы күрделі жөндеу шараларымен 250 мектеп қамтылғанын, ал ағымдағы жөндеу жұмыстары 5 мыңнан астам мектепте жүргізілгенін жеткізді. 
А.Сәрінжіповтің сөзіне қарағанда, 4,5,6 және 11 сыныптарға оқулықтар алуға биыл 12,5 млрд. теңге бөлінген. Бүгінде барлық өңірлер оқулықтармен толықтай қамтамасыз етілгендігін хабарлаған. 
«Осы аптада бақылау комитеті бұл ақпаратты тексеру шараларына кірісті», — деді министр.

Соңғы жаңалықтар