А.Сәрінжіпов Астана мектептеріндегі сабақтың басталу уақытын ауыстыруға қатысты мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Сәрінжіпов Астана мектептеріндегі сабақтың басталу уақытын ауыстыруға қатысты мәлімдеме жасады

А.Сәрінжіпов Астана мектептеріндегі сабақтың басталу уақытын ауыстыруға қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов елорда мектептеріндегі сабақтың басталуын таңғы сағат  7.40-қа ауыстыру мүмкіндігіне қатысты мәлімдеме жасады.

  • 11 Қыркүйек 2015
  • 543
Фото - Caravan.kz

«Сабақ кестесі жөніндегі мәселе жергілікті атқарушы билік органдарының құзырында. Сондықтан мұны Астана қаласының әкімдігі шешуі тиіс. Біз әкімдікке оқушылардың, олардың ата-аналарының және мұғалімдердің пікірін ескере отыра шешім қабылдауға ұсыныс жасадық», — деді А. Сәрінжіпов журналистерге берген сұхбатында.

«Тәртіпті әке ретінде баланы бекітілген уақытта әкелемін. Абыр-сабыр тудыру қажет емес. Дұрыс шешім қабылдаймыз», — деді министр.

Еске сала кетейік, жуырда Астана жолдарындағы көлік кептелісі мәселесін шешу үшін қала мектептеріндегі сабақты ертерек бастау ұсынысы жасалған. Бұл үшін елордадағы оқу орындарындағы сабақтың басталу уақытын өзгерту ұсынылды.


Астана қаласының Білім басқармасы мектеп директорларына ата-аналармен бірге мектептердегі оқудың басталуын таңғы сағат 7.40-қа ауыстыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. 

Соңғы жаңалықтар