А.Сәрiнжiпов Қазақстан мектептерiнде енгiзiлетiн жаңа пәндер туралы айтып бердi - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Сәрiнжiпов Қазақстан мектептерiнде енгiзiлетiн жаңа пәндер туралы айтып бердi

А.Сәрiнжiпов Қазақстан мектептерiнде енгiзiлетiн жаңа пәндер туралы айтып бердi

Бүгiн Астанада өтiп жатқан  «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсіл - мектеп табысының кілті» тақырыпында өтiп жатқан 

  • 25 Тамыз 2015
  • 607
Фото - Caravan.kz


білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз педагогикалық кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов болашақта мектеп бағдарламаларына енгiзiлетiн жаңа пәндер туралы айтып бердi.

"Жаңа пәндер енгiзiледi. Үшiншi сыныптардан бастап "Жаратылыстану",  "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәндерi енгiзiледi және "Әлемтану" пәнi жаңа мазмұнмен толығады. "Жаратылыстану" пәнi жоғары сыныптарда өтетiн "биология", "физика" сияқты пәндердiң кiрiспе курсы ретiнде оқытылады. Ал, "Әлем тану"  пәнi — қоғамдық-гуманитарлық пәндер үшiн ортақ база болмақ. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәнi  компьютер мен жаңа технологияларды игерудiң бағыты ретiнде оқытылады. Үшiншi сынып оқушылары қарапайым дағдыларға қалыптасып, кесте, диаграмма құруды үйренедi",-дейдi министр.

Сонымен қатар, А.Сәрiнжiпов "Жаһандық перспектива және жобалау қызметi" деген пән енгiзiлетiнiн жеткiздi.

"Жалпы орта мектептерде 5-6 сынып кезiнде оқытылатын жаратылыстану ғылымына кiрiспе ретiнде бастауыш сыныптардың пәндерi енгiзiледi. Осылайша, 5-сыныпта оқытылатын жаратылыстану пәндерi мен 7-8 сыныпта кiретiн биология, химия пәндерiнiң арасындағы айырмашылықты азайтамыз. Яғни,  мектептердегi жаратылыстану-ғылыми бағыт үздiксiз оқытылмақ. Кез келген елдiң тарихы  бүкiл әлемнiң дамуымен байланысты болады, сондықтан, "Қазақстан тарихы" пәнi бұрынғыдай алтыншы сыныптан емес, бесiншi сыныптан бастап, яғни, әлем тарихы пәнiмен қатар оқытылатын болады.  Жоғары сыныптарда мiндеттi пәндердiң санын азайтамыз да   тереңдетiлiп оқытылатын үш мiндеттi пән және  стандартты төрт мiндеттi пәндi оқытамыз. Жаратылыстану-гуманитарлық және  жаратылыстану-математика бағытындағы мектептерде осы мiндеттi пәндер жеке-жеке тәсiлмен оқытылады. Оқушы таңдайтын пәндер де тереңдетiлген және стандартты бағыттарға бөлiнбек. Сонымен қатар, "Жаһандық перспектива және жобалау қызметi" деген пән енгiземiз",-деп толықтырды министр.

Соңғы жаңалықтар