Аш әйел болғаннан, тоқ тоқал болған артық - бойжеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аш әйел болғаннан, тоқ тоқал болған артық - бойжеткен

Аш әйел болғаннан, тоқ тоқал болған артық - бойжеткен

Шенеуніктің тоқалы ағынан жарылды.

  • 26 Ақпан 2018
  • 464
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық интернет қолданушыларының арасында өте танымал Yvision.kz блог-платформасында Дана (Dana1992) есімді қолданушының блогы қызу талқыға түсті.

«Ересек еркектерде ақша да бар, ақыл да бар, әйелдермен өзін қалай ұстау керектігінен тәжірибе де жеткілікті», дейді Дана. 

Астанадан Алматыға жұмыс бабымен келетін ірі бизнесмен азаматпен кездейсоқ кездескен бойжеткен оның отбасылы екенін біледі. Бәрі өзінің қалағанындай еркек болады, көңілді, батыл, әзілқой. 

Сол бір танысқандарынан екеуі бір- бірін ұққандай, іздегенге табыла кетеді. Ол еркек бойжеткенге жасырын кездесіп жүруге,  яғни, көңілдесі болуға ұсыныс айтқанын күткендей бойжеткен қуана қабыл алады. 

"Менің туған-туысым білмейді, жеке өміріме ешкімнің араласқанын да қаламаймын. Барлық жағдайымды жасады. Машина да алып берді, бір бөлмелі шағын пәтерімді екі бөлмеліге ауыстырды, барлық жаңарту жұмыстарын да өзі көтерді. Шетелге де қыдырып үлгереміз. Ұсақ — түйек сыйлықты айтпасам да болады. 

Оның Астанада балалары, миын жейтін әйелі бар. Ал оған менің қасымда болу әлдеқайда жақсы, рахаттанып демалады.Біз оның жұмысы жайлы әңгіме қозғаймыз. Түрлі жерлерге жарасымды болып, қолтыұтасып барамыз. Оған екі әйелмен ыңғайлы", дейді Дана. 


Көңілдесі Астанаға өз отбасына кеткенде, бойжеткен құр жүрмей басқа жігіттермен көңіл көтеретінін жасырмай баяндаған. 

Желі қолданушылар бірі қолдап жатса, екіншілері ойдан құралған өтірік әңімеге балады.  

Соңғы жаңалықтар