Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
"Сүйінші!!! Алланың қалауымен қазақ еліне + қазақ аруы
Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше күн! Арман екеуіміз тағы да ата-ана атандық! Құдайға шүкір! Барлық жас-жұбайларға жұғысты болсын! Құттықтауларыңызға алдын ала алғысымды білдіремін!", деп жазды әнші желідегі парақшасында.
Өнердегі әріптестері мен оқырмандары құттықтау-тілектерін жарыса жазды.
Тілек жазған оқырмандардың саны 14 мыңнан асты.
Арман мен Ашаның Асылым есімді қыздары бар.