«Ашаршылықты — ұлттық трагедия» деп тану туралы петиция жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 528.52
  • 539.14
-12 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ашаршылықты — ұлттық трагедия» деп тану туралы петиция жарияланды

«Ашаршылықты — ұлттық трагедия» деп тану туралы петиция жарияланды

Танымал қоғам белсендісі, тәуелсіз дін зерттеуші Тұрарбек Құсайынұлы қазақстандықтарға үндеу жариялады

  • 13 Қаңтар
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Democrat.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«1930 жылдардағы аштықты Қазақстанның ұлттық трагедиясы деп тану туралы петицияға баршаңызды қол қоюға шақырамын!

Қызыл коммунистердің әдейі қолдан ұйымдастырған 1930 жылдардағы ашаршылық нәубеті  қазақ халқы үшін бұрын-соңды болмаған үлкен қасірет әкелді.

4 миллионнан астам халықтың небары 2 миллионы ғана аман қалды.

Мыңдаған қазақ жан сақтау үшін өз жерін тастап, өзге елдер мен өңірлерге көшті. Көшпелі елдің дәстүрлі экономикасы күйреді: мал басы 10 есеге дейін азайды.

Бұл қайғылы жағдай кездейсоқ емес, қолдан жасалған қасірет еді. Естеріңізде болса 1992 жылы Қазақстанның жоғарғы кеңес комиссиясы аталмыш аштықты геноцид деп таныды. Кейбір ғалымдар оны этноцид деп атайды.

Алайда осы күнге дейін бұл трагедия ұлттық немесе халықаралық деңгейде тиісті мойындауға ие болған жоқ.

Біз, Қазақстан азаматтары:

1930 жылдардағы аштықты Қазақстанның ұлттық трагедиясы деп тану мен ашаршылықты Украина секілді халықаралық аренада мойындауды талап етеміз!

Біз барша қазақ халқын осы петицияға қол қоюға шақырамыз.

Өткенімізді ешқашан ұмытпайық!

Осы петицияға қол қою арқылы біз әлемдік деңгейде өз тарихымыз үшін әділдікке қол жеткіземіз!

Атап айтқанда бұл үндеуге 1-миллиондай (минимум) отандастарымыздан қол жинасақ петицияны келесі халықаралық ұйымдарға жолдаймыз:

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) – коммунистердің қазақ  халқына әдейі қолдан жасаған ашаршылықты геноцид деп танып, халықаралық дәрежеде мойындауы,

ЮНЕСКО – ашаршылықты халықаралық мәдени және білім беру жобаларына қосуы және Еуропа Парламентін осы нәубетті  халықаралық трагедия ретінде қарар қабылдату үшін бар күшімізді жұмсаймыз..

Сондықтан да барша Қазақ елін төмендегі avaaaz.org сайтында петиция-үндеуге аты-жөніңіз бен эл.поштаңызды жазып-толтырып, қазақ халқының қайғылы тарихы ұмытылмас үшін қолдауға шақырамын!!!» деп жазды Тұрарбек Құсайынұлы.