Ашаршылық шындығына арналған кітап шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ашаршылық шындығына арналған кітап шығады

Ашаршылық шындығына арналған кітап шығады

ХХ ғасырдың 30-ыншы жылдарының басында миллиондаған қазақстандықтардың өмірін құрбан еткен қасіретті оқиға Ұлы зұлматтың 80 жылдығы қарсаңында «Ашаршылық шындығына» арналған кітап жарық көрмек.

  • 4 Сәуiр 2012
  • 457
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «1930 жылдары КСРО-дағы «Ашаршылық» пен «Террордың» ауқымдылығы мен ықпалын түсіндірудегі жаңа көзқарастар» атты дөңгелек үстелге байланысты журналистерге берген сұхбатында Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған мәлім етті.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес, Мемлекет тарихы институтының ғалымдар тобы 1928-1933 жылдардағы Қазақстанда орын алған ашаршылық шындығы жөнінде ауқымды жобаны аяқтап қалдық. Ұлы зұлмат негізінен осы аралықтағы 5 жылды қамтығанымен, ашаршылықтың әсерлі ауқымы одан да ұзағырақ мерзімде болды. Біз осы ашаршылық шындығына қатысты кітаппен жұмыс барысында Назарбаев университетінің Гуманитарлық және Әлеуметтік зерттеулер мектебінің оқытушыларымен тығыз байланыста болдық. Осы Университеттің шақыртуымен елімізге батыстық белгілі тарихшы Стивен Уиткорфт келіп отыр», — дейді Б. Аяған.

Оның айтуынша, аталған кітап ағымдағы жылдың мамырына қарай жарық көретін болады. Кітапқа алғысөзді жазатындардың арасында профессор Стивен Уиткрофт та бар. Профессор Уиткрофт Мельбурн университетінің жанындағы Еуразия және Ресей зерттеу орталығының негізін салушы, әлеуметтік ғылымдарының Автралиялық академиясының мүшесі. Ол төңкеріс алдындағы Ресей және Кеңестік жүйенің экономикалық тарихын, ашаршылық мәселелерін терең зерттеген батыстық ғалымдардың бірегейі.

Перейти к новостям спорта