Асхат Садырбай "Астарлы ақиқаттан" кете ме: Дина Төлепберген жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асхат Садырбай "Астарлы ақиқаттан" кете ме: Дина Төлепберген жауап берді

Асхат Садырбай "Астарлы ақиқаттан" кете ме: Дина Төлепберген жауап берді

Кейінгі уақытта журналист Асхат Садырбайдың жеке өміріне қатысты даулы оқиғалардан кейін оның "Астарлы ақиқаттағы" тележүргізушілік қызметінен кетуін талап етушілердің қарасы көбейді.

  • 6 Ақпан
  • 95
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Асхат Садырбай аталмыш бағдарламаны жүргізуді тоқтата ма? Бұл сұраққа ток-шоудың экс-жүргізушісі Дина Төлепберген жауап берді.

Оның сөзінше, бағдарламаның жүргізушісін ауыстыру оның құзырында емес.

«Асхат Садырбайды «Астарлы ақиқаттан» неге алып тастамайсыз? Қоғамның маған қойып отырған сұрағы осы. Бірақ, алдымен бір нәрсені түсініп алайық. «Астарлы ақиқат» — менің жобам емес. Бұл — КТК телеарнасының меншігі. Ия, мен оның анасымын. Бағытын анықтадым, жүргіздім, көтердім. Бірақ әр бала ерте ме, кеш пе өз жолына кетеді. 2024 жылдың қаңтарында мен жүргізушілікті тоқтаттым. Орныма Бердімұрат Хасен келді. Оны өзім ұсындым. Мамырға дейін бағдарламаның өндірісіне менің компаниям жауап берді. Маусымда бүкіл командаммен жобадан кеттік. Түсінікті болу үшін «Астарлы ақиқатты» көлікке теңесем, мен оны айдадым, жөндедім, жолға шығардым. Бірақ, бір күні кілтті иесіне тапсырдым. Одан кейін ол көлікті кім жүргізетінін мен шешпеймін. Мен өз бағытыммен жүрмін. Ал, Асхат Садырбайға келсек, мен адамды оның жеке өмірінен бөліп қарай алмайды екенмін. Себебі адам — тұтас. Ісі мен сөзі бір жерден шықпаса, ол — жалған. Жұмыс пен өмірі екі бөлек болса, ол — алдау. Жалғанға жауапкершілік керек. Мен азғындықтың құрбаны болған әйелдерге тыныш, бейбіт өмір тілеймін. Өзіңді қорғауға мәжбүр болмау — әр әйелдің құқығы. Және тағы бір тілегім, ер адам сөзбен емес, ісімен биік болса екен. Экранда ғана емес, өмірде де. Бұл тек Асхатқа ғана емес, барлық ер азаматтарға айтылған аманат!», — дейді Дина Төлепберген.

Еске сала кетейік, Асхат Садырбайды бұрынғы әйелі «тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіп, баламызды тартып алмақшы болды» деп айыптаған еді.