Ашхабад пен Астана Каспий теңізін бөлісу жөніндегі келіссөздер жүргізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ашхабад пен Астана Каспий теңізін бөлісу жөніндегі келіссөздер жүргізуде

Ашхабад пен Астана Каспий теңізін бөлісу жөніндегі келіссөздер жүргізуде

Қазақстан мен Түрікменстан арасында Каспий теңізін бөлісу мәселесі бойынша келіссөздер 23-маусым , дүйсенбіде Ашхабадта басталды. Сол күні Түрікменстан президенті Сапармұрат Ниязов Қазақстандық өкілдердің жетекшісі - ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитовты қабылдады ,- деп хабалайды turkmenistan.ru. сайты.

  • 24 Маусым 2003
  • 733
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында С.Ниязов Каспий теңізінің халықаралық мәртебесін айқындау мәселесіндегі өз елінің табанды көзқарасын тағы бір дәлелдеді. Ашхабадтың пікірінше, Каспий теңізін бөлісу мәселесінде оны қоршай орналасқан мемлекеттердің ұллтық мүддесі ескерілуі, ал теңіздің өзі достық, бейбітшілік пен мәміленің теңізіне айналуы тиіс.

Қ.Әбусеитовтың пікірінше, Каспий теңізін бөлісу жөніндегі екі мемлекет арасындағы келісім жобасын әзірлеуші сарапшы топтардың жұмысы табысты өткізілуде. Екі ел арасында теңіздің мәртебесін анықтауға қатысты қандай да бір қайшылық жоқ. «Алға қойылған міндеттерді екі жаққа да тиімді әрі жедел шешуге қажетті жағдайлар жасалған»,- деді дипломат өз сөзінде.
Кеше Түрікменстан президенті Каспий теңізі бойынша келіссөздер жүргізетін сарапшылар тобының құрамын бекітті. Сарапшы топтың жұмысын үйлестіру міндеті осы елдің сыртқы істер министрлігі мен Түрікменстан президентінің жанынан құрылған Каспий теңізі мәселелері жөніндегі мемлекеттік кәсіпорынға жүктелді.