Ашхабадта бас қосқан Орталық Азия елдері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері Арал тауқыметін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ашхабадта бас қосқан Орталық Азия елдері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері Арал тауқыметін талқылады

Ашхабадта бас қосқан Орталық Азия елдері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері Арал тауқыметін талқылады

Жуырда Түрікменстан астанасында Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қордың тұрақты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының кезекті мәжілісі өтті,- деп хабарлайды Turkmenistan.Ru.

  • 8 Қараша 2004
  • 1164
Фото - Caravan.kz

Бұл шараны тікелей ұйымдастыруға Түрікменстан табиғат қорғау министрлігі мен БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы ұйытқы болды. Аймақтағы тұрақты даму және экологиялық қауіпсіздік саласындағы бұдан былайғы ынтымақтастық проблемасын талқылау үшін Орталық Азия аймағындағы бес мемлекеттің табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік құрылымдарының, бейресми ұйымдарының, сондай-ақ, тиісті халықаралық ұйымдардың өкілдері Ашхабадта жиналды.

Түрікменстан президенті Сапармұрат Ниязов мәжіліске қатысушыларға жолдау арнады. Түрікмен мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде әлемдік қауымдастық Орталық Азия аймағына ұлығаусар экономикалық және табиғи әлеуеті бар өңір ретінде назар тігуде, олардың пайымдауынша, бірақ, бұл әлеует бірқатар әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемаларға байланысты толыққанды игерілмей отыр. Осындай себепке байланысты экологиялық қауіпсіз әрі тұрақты даму Орталық Азия республикалырының даму стратегиясының басым бағыттарының бірі, деді Түрікменстан президенті. Қазіргі заманғы ғаламдық сипаттағы экологиялық проблемалардың бірі болып табылатын Арал тауқыметін тиімді шешудің факторы ретінде аймақтық ынтымақтастық пен бейбіт көршілік қатынасты атаған С.Ниязов мәжіліске қатысушылардың жұмысына табыс тіледі.
Түрікменстан мемлекеттік жаңалықтар қызметінің ақпаратына сәйкес, отырысқа қатысушылар Арал тауқыметі бүгінде әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуге жаңаша ғаламдық көзқарастар ұстана қараумен бірге оны экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен сабақтастыру тұрғысынан қабылдануда. Сонымен бірге Орталық Азия елдерінің экологиялық тауқыметтерінің бір-біріне ұқсастығы аймақтық және ұлттық деңгейлерде бірдей қолдануға қолайлы шешімдер шығаруға жағдай жасауда делінді. Дәл осы мақсатпен Орталық Азия елдерінің мемлекет басшылары Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қор аясында жемісті ынтымақтастық орнатуға негіз қалаған шешім қабылдады. Тұрақты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы осы қор аясына қамтылатыны белгілі.
Форумға қатысушылар бүгінде аймақ елдері түгелдей мемлекет басшылары бекіткен «Арал теңізі бассейніндегі экологиялық, әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту жөніндегі 2003-2010-жылдарға арналған нақты іс-шаралар бағдарламасын» жүзеге асыруға нақты қадамдар жасалып жатқанын айғақтайтын жобаларды таныстырды. Осындай тауқыметтерді конструктивті шешуге нақты мысал ретінде Түрікменстанның жүргізіп отырған экологиялық саясаты аталды. Мұнда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Республика өкілдері жиынға қатысушыларға жасанды Түрікмен көлін жасау барысы туралы ақпарат берді. Онда республиканың барлық аймақтарынан және Амударияның сол жағалауынан жеткен жоғары деңгейде минералданған, дренаждық және ағызынды сулар жиналады. Сондай-ақ, Қарақұм шөлінің аумағына таяу жатқан өңірлерде орман өсіру, коллекторлар трассасын бойлай тұзға төзімді дақылдар отырғызу жұмыстары да жүзеге асырылуда. Ашхабад-Дашогуз бағытында ұзындығы 500 шақырымға созылатын темір және автожол желісі тартылуда. Оларды бойлай осы өңірді мекенденетін тұрғындар үшін қажетті жағдайлардың бәрін жасауға, соның ішінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылады.
Бас қосу барысында Тәжікстан өкілі Тұрақты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының тындырған істері жайындағы есепті таныстырды.
Қолданыстағы жарғыға сәйкес алдағы екі жылға Тұрақты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссияға төрағалық жасау құқығы Түрікменстанға берілді.
Кездесуде талқыланған барлық тауқыметтер бойынша бірлескен күш-жігерді қолдау және оны регламентациялауға бағытталған бірқатар құжаттар қабылданды. Атап айтсақ, Орталық Азия аймағындағы қоршаған орта жөніндегі Субрегионалдық тұғырнама тұжырымдамасының жобасы мен Тұрақты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының 2004-2006-жылдарға арналған жұмыс жоспары мақұлданды.

Перейти к новостям спорта