Ашхабадта бір адамға бір келі ұн мен жарты келі қанттан ғана саудаланып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ашхабадта бір адамға бір келі ұн мен жарты келі қанттан ғана саудаланып жатыр

Ашхабадта бір адамға бір келі ұн мен жарты келі қанттан ғана саудаланып жатыр

Түркіменстанда азық-түлік тапшылығы әлі де жалғасып жатыр.

  • 5 Наурыз 2018
  • 211
Фото - Caravan.kz

Дүкендерде елдің  ұзын-сонар кезегі көбейген. Ал бұл сәтте мемлекеттік телеарналар елде молшылық, береке екенін жарыса хабарлап жатыр, деп хабарлады centralasian.org

28 ақпаннан бастап ел астанасы Ашхабадта мемлекет бақылайтын дүкендерде ұн, қант секілді азық-түлікке шектеу қойылған. Қазіргі кезде бір адамға бір келі ұн мен жарты келі қанттан артық сатылмайды екен. Осыған дейін бір кісіге бес келі ұн мен бір келі қант сатылып келген.

"Ашхабадтықтар таңғы алтыда тұрып, мемлекеттік дүкендердің алдында кезекке тұрады. Себебі  шектеулерге қарамастан, азық-түлік тез таусылып қалады", — дейді аты-жөнін құпия ұстауды жөн санаған тұрғын.

Оның сөздерінше, шектеу қойылған тауарларды сатып алу үшін, сатушылар ең алдымен құжат сұрайды екен. Кәмелет жасына толмағандарға мүлдем тауар бермейді. Себебін сатушылар түсіндірмейді.

Бұған дейін де
ұн тапшылыған тартқан Түркіменстан
халқының кебекке таласып жатқанын хабарланған болатын. 

Еске салсақ, Түрікменстанда 2017 жылы азық-түлік бағасы күрт көтерілді. Әсіресе ұн қымбат. Өйткені елде егін аз жиналған. Оның үстіне ауыл шаруашылығының өнімділігі төмендеді. 2017 жылы мамырда ел президенті осындай мәселе барын ресми түрде мойындап, ауыл шаруашылығына жауапты вице-премьерді жұмыстан шығарған.

 

 

Ұқсас тақырыптар:

Түркіменстанда кезекті рет азық-түлік дағдарысы басталды    
Ұн тапшылығын тартқан Түрікменстанда халық кебекке таласып жатыр
Соңғы жаңалықтар