Ашхабадта Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті жиналысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ашхабадта Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті жиналысы басталды

Ашхабадта Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті жиналысы басталды

Бүгін, 28-қаңтарда Түрікменстан астанасындағы "Ниса" қонақүйінің мәжіліс залында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті 16-шы жиналысы басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісі turkmenistan.ru. сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

  • 28 Қаңтар 2005
  • 587
Фото - Caravan.kz

Ашхабадтағы форумға қатысу үшін Әзербайжан, Иран және Қазақстанның сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары, ал Ресейден РФ президентінің халықаралық энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Игорь Юсуфов басқарған өкілдер келді.

И.Юсуфовтың журналистерге хабарлауынша, «Ресей Каспий теңізін қоршай орналасқан әріптестерінен жұмыс тобының Мәскеуде өткен 15-бас қосуында ортаға салынған ұсыныстарға жауап күтеді». «Бұлар Каспийдің биоресурстарына, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ұлттық аймақтар аясын анықтауға, әскери іс-қимыл принциптерін анықтауға қатысты».
И.Юсуфов Ресейдің Каспийде теңіз маңындағы бестік елдерінен өзге мемлекеттердің қарулы күштерінің орналасуына қарсылық білдіріп отырғанын еске салды.
Арнаулы жұмыс тобының Ашхабадтағы жиналысы екі күнге созылады.

Перейти к новостям спорта