Жарияланды: 480

Ашхабадта Орталық Азия елдері мен Ауғанстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы халықаралық кездесу өтіп жатыр

Бүгін Ашхабадқа Орталық Азия елдері мен Ауғанстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы екі күндік халықаралық кездесуге қатысушылар келді.

Олардың арасында 12 елдің, Еуропалық Одақтың, халықаралық және аймақтық ұйымдардың, қаржы институттары мен іскерлік және ғылыми ортаның өкілдері бар. Бұл шара Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған арнайы бағдарламалар Экономикалық форумының жалғасы болып отыр. Оны Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған арнайы бағдарламаларының (СПЕКА) қазіргі төрағасы саналатын Түрікменстан Үкіметі, БҰҰ-ның Еуропаға арналған экономикалық комиссиясы, Азия-тынық мұхит аймағы (ЭСКАТО), БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі аймақтық орталығы брігіп ұйымдастырып отыр. БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі аймақтық орталығы таратқан хабарламаға қарағанда, бұл басқосудың басты мақсаты Орталық Азия елдері мен Ауғанстан арасында экономикалық ынтымақтастық бойынша нақты жобаларды талқылау болып отыр. Онда Ауғанстан дамуының ұлттық стратегиясының басым қырларын жүзеге асыруға бағытталған - сауда, көлік, инвестиция, инфрақұрылым және табиғат ресурстарын бірлесіп басқарудағы инфрақұрылымды дамытудан техникалық көмек көрсетуге дейінгі кең ауқымдағы бастамалар қаралмақ. Бұл кездесу кезінде экономикалық ынтымақтастық бойынша әрекет жоспарын әзірлеуді бастау жобалануда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін