Ашхабадта "Қазақстан ұнын" сатқандарды тергеп-тексеріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ашхабадта "Қазақстан ұнын" сатқандарды тергеп-тексеріп жатыр

Ашхабадта "Қазақстан ұнын" сатқандарды тергеп-тексеріп жатыр

Түркіменстан астанасында полиция қызметкерлері сауда орындарын тексеріп, қазақстандық ұн сатқандарды тергеп жатыр.

  • 3 Сәуiр 2018
  • 87
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Азаттықтың Түркімен редакциясы — Азатлык радиосына Ашхабадтағы шолушы Аманмурат Бугаев хабарлады.

Оның айтуынша, Түркіменстанда Қазақстан мен Ресейде шығарылған ұн үнемі сатылып келген. Өткен жылы жергілікті астық аз жиналып, қара базарда доллар бағамының көтерілуі салдарынан Түркіменстанда ұн күрт қымбаттап кеткен. Наурызда Азатлык түркімен сатып алушылары ұнның сапасына шағымданып жатқаны туралы жазған еді. Билік "Қазақстанда жасалған" деген белгісі бар ұн шын мәнінде Түркіменстанның өзінде жасалған деп долбарлайды.

Бугаевтың хабарлауынша, 2 сәуірде 1 доллар Ашхабадтағы қара базарда 13,8 манаттан сатып алынып, 14,10 манаттан сатылған. Қара базардағы доллар бағамы орталық банк бекіткен ресми бағамнан төрт есе жоғары.

2017 жылдың соңындағы экономикалық қиыншылықтарға байланысты Түркіменстанда Ресей ұнының импорты елеулі түрде азайды. Бірақ былтырғы жылдың соңы мен биылғы жылдың басында Ашхабад базарларында Қазақстаннан әкелінген ұн құнды тауарға айналды.

Бұл тауардың көбеюі мен оның сапасына билік күдікпен қарап, "Қазақстанда жасалған" деген жазуы бар қаптарды мұқият тексеріп жүр. Полиция сатушылардан тауар қайдан келгенін дәлелдейтін құжаттар талап етіп, ал мұндай құжаты жоқ саудагерлер тергеліп жатыр.


Ұқсас тақырыптар:

Ашхабадта бір адамға бір келі ұн мен жарты келі қанттан ғана саудаланып жатыр
Түрікменстанда әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды
Түркіменстанда шенеуніктер сыртқы келбетіне қарап іріктеліп жатыр

 

Соңғы жаңалықтар