Ашхабадта ТМД елдері шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ашхабадта ТМД елдері шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің отырысы басталды

Ашхабадта ТМД елдері шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің отырысы басталды

Бүгін, 30-наурызда Ашхабадта ТМД елдері шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі мен шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесі үйлестіру қызметінің 53-отырысы басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Наурыз 2005
  • 518
Фото - Caravan.kz

Отырыста Орталық Азия аймағының шекара кеңістігіндегі қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұру шараларын айқындау мен аймақтағы ахуалдың өрбу барысы талқыланады. ТМД елдері шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің мүшелері 2005-жылғы мекемеаралық шұғыл-профилактикалық және арнаулы операцияларды ұйымдастыру және оларға дайындық, соның ішінде Каспий теңізіндегі браконьерлік әрекеттердің алдын алу, Ауғанстаннан ТМД елдерінің шекаралары арқылы трафикке жол бермеу шаралары туралы сарапқа салады.

Сонымен бірге ТМД елдері шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі мен шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің үйлестіру қызметінің 2006-жылға арналған бірлескен шаралары жоспарының жобасы, ТМД елдерінің шекара саласындағы ынтымақтастығын жетілдіру бағдарламасының ережелерін жүзеге асыру бойынша шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің шаралары жоспарының орындалу барысы, ТМД елдерінің лаңкестік және экстремизммен күрес саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің жоспары қаралады.
Отырыстар алдында ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары — ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Болат Зәкиев пен Түрікменстан мемлекеттік шекара қызметінің төрағасы О.Солтановтың жұмыс бабындағы кездесуі болды. Кездесу барысында Қазақстан-Түрікменстан шекарасын, соның ішінде Каспий теңізінің акваториясын қорғау ісі бойынша шекаралық мекемелердің күш-құралдарының өзара ықпалдастығын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Перейти к новостям спорта