Мүдделі елдердің энергетикалық мекемелерінің басшылары деңгейіндегі осынау үйлестіруші орган газ құбырын тарту жөніндегі 2001-жылы үш мемлекет басшысы қол қойған Исламабад келісіміне сәйкес құрылған.
Отырыс Түрікменстан мұнайгаз өнеркәсібі және минералдық ресурстар министрі Тачберды Тагиевтің басқаруымен өтуде.
Ауғанстан өкілдерін осы елдің тау ресурстары және өнеркәсіп министрінің орынбасары Мир Махфуз Недаи басқарса, Пәкістан исламдық Республикасынан мұнай және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Наим Баиг , ал Азия даму банкінен осы қаржылық институттың Оңтүстік Азиялық жобалар жөніндегі департаментінің бас инженері Ситхапаси Чандер бастаған өкілдер қатысуда.
Ол болашақ көгілдір отын құбырының техника-экономикалық негіздемесінің алдын-ала үлгісін таныстырды. Құбырдың техника-экономикалық негіздемесін жасау жұмысын Азия даму банкі қаржыландырғаны белгілі. Банк бұл мақсатқа 1,5 млн. доллар бөлген болатын.
Ұлыбританияның «Пенспен» консалтингтік компаниясы форумға қатысушыларға құбырдың техника-экономикалық негіздемесінің техникалық және бағалық сипаттамаларын таныстырды. Азия даму банкінің өкілі газ құбырының коммерциялық параметрлерін тексеру қорытындысын, сондай-ақ, осы тұрғыда халықаралық қаржы институттары мен потенциалдық демеушілерден келіп түскен ұсыныстарды таныстырды.
Отырыс барысында сонымен бірге, комитет мүшелері газ саудасы, көгілдір отынды тасымалдау және әріптес-мемлекеттердің міндеттемесі жөніндегі үш келісімнің жобалары талқыланfды.
Түрікменстан-Ауғанстан-Пәкістан бағытындағы газ құбыры дүниежүзіндегі ең ірі көгілдір отын кеніші саналатын Түрікменстандағы Довлетабад кенішінен Орталық Пәкістанға дейін отын тасымалдауға бағытталған. Довлетабад кенішіндегі көгілдір отын қоры 1756,6 млрд. текше метрді құрайды.
Жылына 30 млрд. текше метр газ айдайтын құбырдың жалпы ұзындығы 1,5 мың шақырымға жетеді деп күтілуде. Оның 170 шақырымы Түрікменстан, 830 шақырымы Ауғанстан, 400 шақырымы Пәкістан аумағы арқылы өтеді.
Жобаны жүзеге асыру жоспарына Үндістанның да атсалысу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Қазір бұл ел консорциумға қатысу мүмкіндігін зерттеуде.