Ашхабадтағы стадионда ел президентін күткен - 3 адам қаза тауып, 50-ден астамы естерінен танды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ашхабадтағы стадионда ел президентін күткен - 3 адам қаза тауып, 50-ден астамы естерінен танды

Ашхабадтағы стадионда ел президентін күткен - 3 адам қаза тауып, 50-ден астамы естерінен танды

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовты Ашхабадтағы «Копетдаг» стадионының ашылу рәсіміне күтуі кезінде

  • 26 Тамыз 2015
  • 387
Фото - Caravan.kz

арасында бір бала болған үш адам қаза тапты, деп хабарлайды REGNUM ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған КирТАГ.

«Мемлекет басшысы таяуда жаңғыртылған бұл нысанға  сағат 08:00 шамасында келуі тиіс еді, сондықтан адамдарды стадионға сағат 05:00-ге келуге мәжбүрлеген. Бірақ түркімен көшбасшысы салтанатқа тек 11:45-те ғана жетті», — делінген жарияланымда.

Кейіннен Г.Бердімұхамедовтың әуелі басқа нысандарды қарап шығуды шешкені белгілі болған, ал арасында 4-15 жас аралығындағы балалар мен 70 жастағы қарттар болған адамдар оны отырмастан 7 сағатқа жуық уақыт күткен.

«Осы 7 сағаттың ішінде 50-ге жуық адам естерінен танған. Оларға сол жерде көмек көрсетілген. Күндізгі сағат 1-ге дейін 3-4 шақырым радиусындағы барлық көшелер жабылған. Соның арасында медициналық мекемелерге де апаратын жолдар жабық болды. Сондықтан көмекке мұқтаж болған жандар да, медициналық қызметкерлер де оларға жете алмады», — деп жазады ақпараттық агенттік. 


Соңғы жаңалықтар