«Қазір ауа райы қолайлы, астық өнімі көпжылдық орташа деңгейде болады деп болжануда», — деді ол бейсенбі күні журналистердің сауалына жауап беріп.
«Бұл астық енді шығып келеді, шоқтану үдерісі өтті, өсу қарқыны жаман емес», — деді ол.
Еске салсақ, 2010-шы жылғы астық бункерлік салмақта 13,6 млн тонна болды. 2009-шы жылы Қазақстанда рекордтық астық – бункерлік салмақта 21 млн тонна жиналған болатын.