АШМ басшысы құс шаруашылығының несиесінің мөлшерлемесмін субсидиялауды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АШМ басшысы құс шаруашылығының несиесінің мөлшерлемесмін субсидиялауды ұсынады

АШМ басшысы құс шаруашылығының несиесінің мөлшерлемесмін субсидиялауды ұсынады

АШМ министрі Асылжан Мамытбеков құс шаруашылығының несиесінің мөлшерлемесмін субсидиялауды ұсынады.

  • 15 Шiлде 2011
  • 402
Фото - Caravan.kz

«Құс фабрикалары жұмыртқаны Т80-100 бағасымен сатып, 10%-ға дейінгі тиімділік көреді. Бөлшек саудадағы тұтынушылар үшін ол екі есеге қымбат болып, Т180-200 болады», — деп АШМ министрі бейсенбі күні Twitter-ге жазады.

Оның пікірінше, «проблема фабрикалардың айналым қаражатының жоқтығында». «Егер қолдағы бар қаражатты несиелердің пайыздық ставкаларын субсидиялауға және несиелерді кепілдендіру қорын құруға бағыттасақ тиімді болады», — деп ұсынады А, Мамытбеков.

Ондағы бар мәлімет бойынша, құс шаруашылығындағылар бюджеттен жұмыртқа бағасының 20% мөлшерінде субсидия алады (жылына Т3,9 млрд, 1 жұмыртқаға Т2,6-дан).

Бұрын хабарланғандай, АШМ құс шаруашылығындағыларды жем сатып алуда қолдауды ұсынады. Ведомство мәліметтерінше, жем, құстың еті мен жұмыртқасының өзіндік құнының құрамында 70%-ға дейін үлесін алады екен.

Одан басқа, құс шаруашылығындағыларды қолдау аясында 2012 жылдан бастап үкімет құстардың аса қауіпті 4 ауруына қарсы профилактикалық шараларын қаржыландыратын болады.

Соңғы жаңалықтар