АШМ болжамынша Қазақстан 2011-2012 маркетингтік жылы шамамен 6 млн тонна астық экспорттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АШМ болжамынша Қазақстан 2011-2012 маркетингтік жылы шамамен 6 млн тонна астық экспорттайды

АШМ болжамынша Қазақстан 2011-2012 маркетингтік жылы шамамен 6 млн тонна астық экспорттайды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың есебінше, Қазақстан 2011-2012 маркетингтік жылы шамамен 6 млн тонна астық экспорттайды.

  • 23 Маусым 2011
  • 391
Фото - Caravan.kz

«Шынымды айтсам, мен экспорттық мәліметтерді алған жоқпын, бірақ біздің есебімізше, оның шамасы 5,5-6 млн тонна болады», — деді ол бейсенбі күні журналистердің сауалына жауап беріп.

Еске салсақ, 2010-2011 маркетингтік жыл алдағы 1-ші шілдеде аяқталады.

«Бұл ретте біз қуаңшылық жылы да экспорттың осындай көлеміне қол жеткізгенімізді ұмытпауымыз керек. Салыстырсаңыз, рекордтық астық жинаған 2009-шы жылдың өзінде экспорттық әлеует 8 млн тонна болған. Сондықтан Қазақстан кез келген жылы ауқымды астық экспорттай алады», — деді министр.

Бұрындары Қазақстан 2011-2012 маркетингтік жылы 5,5 млн тонна астық экспорттайтынын мәлім еткенді. Алғашқыда ағымдағы маркетингтік жылға экспорттық әлеует 7-8 млн тонна болады деп болжанған.

Соңғы жаңалықтар