АШМ Ресейден импортталған 19 тонна бананды ел аумағына кіргізбеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АШМ Ресейден импортталған 19 тонна бананды ел аумағына кіргізбеді

АШМ Ресейден импортталған 19 тонна бананды ел аумағына кіргізбеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Baq.kz- ке сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылдың 24 ақпан 3 наурыз аралығында Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциялары Ресей Федераци

  • 26 Наурыз 2020
  • 29
Фото - Caravan.kz

2020 жылдың 24 ақпан 3 наурыз аралығында Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциялары Ресей Федерациясы мен Вьетнам мемлекетінен жоғары фитосанитарлық қауіп-қатері бар өсімдік өнімдерін заңсыз алып келудің жолын кесті.

Карантиндік бақылау барысында инспекторлар 76 тоннадан астам картоп, 55 тоннадан астам жеміс-жидек және көкөніс түрлерін, 19 тоннаға жуық банан, 2 мың гүл және 600 дана гүл көшеттерін, сондай-ақ Вьетнамнан 25 тоннаға жуық кешьюді жаңғағын фитосанитарлық сертификатсыз алып келгендігін анықтады. Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынған, — делінген АШМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 400-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Соңғы жаңалықтар