Аштық жариялаған 30 маңғыстаулық мұнайшы медициналық көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аштық жариялаған 30 маңғыстаулық мұнайшы медициналық көмек сұрады

Аштық жариялаған 30 маңғыстаулық мұнайшы медициналық көмек сұрады

Жергілікті биліктің әрекеттеріне қарсылық белгісі ретінде аштық жариялаған 40 маңғыстаулық мұнайшының 30-ы медициналық көмек сұрады.

  • 7 Маусым 2011
  • 525
Фото - Caravan.kz

«Облыстың түрлі бөліктеріндегі аштық шарасына қатысушылардың жалпы саны 40 адамға жетті. Соңғы мәліметтерге сәйкес, олардың 30-ы дәрігердің көмегіне жүгінген», – деп мәлім етті «Азат» ЖСДП президиумының мүшесі Маржан Аспандиярова сейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Құрық мекеніне жақын жердегі теңіз жағалауында орналасқан «Ерсай Каспиан контрактор» ЖШС-інің 700-ден аса жұмыскері ереуілдерін тыймай отыр.

«ҚазМұнайГаз» басшылығы мен Маңғыстау облыстық әкімдігінің көп күнге созылған, мыңнан аса адам қатысып отырған ереуіл басылып, ал ереуілдеушілердің саны азайып келеді деген сөзі шындыққа сәйкес келмейді», – дейді М.Аспандиярова.

Партия өкілінің пікірінше, «облыс басшылығы іс жүзінде осындай ірі қақтығыстарды болжай алмайтындығын, одан ары шеше алмайтындығын көрсетіп отыр».

Ол қоғам қайраткерлерінің тобымен ереуілге шыққан мұнайшылармен Ақтау қаласындағы автостанцияда кездескенін айтты. «Адамдар өз құқықтарын аяғына дейін қорғап қалуға дайын», – деді М.Аспандиярова.

Өткен дүйсенбі күні Қазақстанның социалистік қозғалысының (ҚСҚ) ақпарат қызметі Маңғыстау облысында ереуілге шыққан бірнеше мұнайшы жергілікті биліктің әрекеттеріне қарсылық ретінде өздерін жарақаттады деп ақпарат таратты.

ҚСҚ-ның облыстық ІІД пен прокуратураның мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлауынша, бейбіт митингті тарату кезінде 37 адам ұсталған. «Оның 8-і денсаулықтарының нашарлығына байланысты сол күні босатылды, 2-еуі ауруханаға жатқызылды, 27-сі Ақтау ІІБ-ның уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», — делінген ақпаратта.

ҚСҚ-ның хабарлауынша, қазір ауруханада ауыр жағдайда жатқан екі адамның бірі – «Қаражамбасмұнай» АҚ-ның кәсіподақ белсендісі Қуаныш Сисенбаев, ол бас сүйек-ми жарақатын алған

Қозғалыстың белсенділері ереуілге қатысқан бірнеше адамға қатысты жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін қылмыстық іс қозғалуы мүмкін деп есептейді.

Ал бас прокуратура Ақтау полициясының Қаражамбастағы әріптестерін қолдап митинг ұйымдастырған 37 мұнайшыға қатысты әрекеттері заңды болғанын хабарлады.

Бұрын хабарланғандай, өткен аптада «Қаражамбасмұнай» АҚ мұнай өндіруші компаниясының, оның еншілес ұйымдарының 72 жұмыскері заңсыз наразылық акциясына қатысқандары үшін жұмыстан шығарылды.

Өткен бейсенбіде Қаражамбас кен орнындағы ереуілге қатысушылардың саны 164 адамға дейін қысқарды. Жексенбі күні Ақтауда полициясы ереуілге шыққан мұнайшыларды қолдап наразылық акциясын өткізген 37 адамды қамауға алды. Олар Қаражанбас кен орнындағы заңсыз ереуілге қатысқаны үшін жұмыстан шығарылғандардың бәрін қайтадан жұмысқа алуды, Наталья Соколованы қамаудан босатуды талап етті.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың 17 мамырында мұнайшылардың рұқсат етілмеген ереуілі мен аштық шарасы заңсыз деп танылды. Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 24 мамырда Түпқараған аудандық соты Н. Соколованы заңсыз ереуілді ұйымдастырғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кейін заңсыз әрекеттерін қайталағаны үшін 8 тәулікке қамалды.

Соңғы жаңалықтар