Ашуланған боксшы бейкүнә азаматты бір соққымен ажал құштырды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ашуланған боксшы бейкүнә азаматты бір соққымен ажал құштырды

Ашуланған боксшы бейкүнә азаматты бір соққымен ажал құштырды

Саратов қаласында жолда туындаған жанжалдың соңы қайғылы оқиғаға ұласты.

  • 29 Қазан 2012
  • 278
Фото - Caravan.kz

Бейкүнә жанды ажал құштырған тай боксымен шұғылданатын жергілікті тұрғын болып шықты.

Боксшы өз көлігін жаяу жүргіншілер өтетін жол қиылысында тоқтатқан және өтіп жатқандарға дауыс көтерген. Олардың бірі машинаға жақындаған сәтте көлігінен шыға сала сөзге келместен әлгіні басынан бір-ақ ұрған. Соққы тиген адам асфальтқа құлап түскен. Ал жуан жұдырықты бұзақы машинасына отырып, ізін суытқан. Зәбірленуші есін жимай ауруханада көз жұмды. Боксшы ұсталды, қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта