Ашулы оқушы мұғалімді соққыға жықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ашулы оқушы мұғалімді соққыға жықты

Ашулы оқушы мұғалімді соққыға жықты

Ресейдің астанасында 8-сынып оқушысы сабақ үстінде мұғалімге қол көтерді.

  • 17 Қаңтар 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

Оқиға физика сабағы кезінде болған. Сабақта оқушы құлаққаппен музыка тыңдап отырыпты. Ол ұстазының ескертуіне құлақ аспаған. Кейін әйел құлаққапты тартқан кезде сындырып алған, деп жазады "Московский комсомолец" басылымы.

Бұған қатты ашуланған оқушы мұғалімді соққыға жыға бастаған. Тіпті, интерактивті тақтаның пультімен басынан ұрыпты. Мұғалімнің даусын естіген әріптестері көмекке асықты. Алайда ашуға ерік берген оқушыны үйден келген әжесі ғана сабырға шақыра алды.

Оқыс оқиға болған мектептің ұстаздары бұл оқушының мінезі қиын екенін айтады. Осыған дейін де ұқсас жағдайлар болған. Ол 8-сыныпты осыған екінші жыл оқып жүр екен.


Соңғы жаңалықтар