Журналист Гүлмира Абықай қоғамда тоқтауы жоқ әлімжеттік мәселесін көтерді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Оның жазуынша, Алматы облысының орталығы Қонаев қаласындағы қалаға кіреберіс алып көпірдің асты күші тасыған оқушыларға күшті мекен болды. Топтық төбелес, тығылып ішу, тарту бәрі осында өтеді.
Кеше ғана 9 сынып оқушылары топтасып өз сыныптасын өлімші етіп ұрып тастаған.
Бала жансақтау бөліміне түсті, қазір ауруханада. Ата-анасы өзімізді кінәлі қылуда деп жазыпты.
«Ата-ананы тыңдамайтын, тәртіпке бағынбайтын, инспектордан ықпайтын баланың орны — колония», — деп пікір білдірді журналист.