Әскерде бірге қызмет еткен жігіт өлген жігітке "минет жасап бергеніңе рақмет" деген жазумен 5000 теңге аударған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскерде бірге қызмет еткен жігіт өлген жігітке "минет жасап бергеніңе рақмет" деген жазумен 5000 теңге аударған

Әскерде бірге қызмет еткен жігіт өлген жігітке "минет жасап бергеніңе рақмет" деген жазумен 5000 теңге аударған

Жамбыл облысында өз-өзіне қол жұмсаған мерзімді қызметтегі сарбаздың киімі мен аузынан бөтен адамның биоматериалы табылды. Күдікті сержанттың адвокаты Сержан Пірәлиев жаға ұстатарлық фактілерді жария еткен болатын.

  • 23 Қаңтар 2023
  • 9039
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sn.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Адвокаттың адам шошырлық мәлімдемесінен кейін әлеуметтік желіде марқұм Бекбол Мираштың банк қосымшасынан алынған деген үзінді тарады. 

Осы мәлімдемеден кейін әлеуметтік желіде Мираштың банк қосымшасынан алынған деген үзінді тарады: суретте көрініп тұрғандай, оның денесін тауып алған әскерде бірге қызмет еткен жігіт 2 тамыз күні өлген жігітке «минет жасап бергеніңе рақмет» деген жазумен 5000 теңге аударған.

«Тергеу осы деректі назарға алмай, істі «лауазымын асыра пайдаланған» деген баппен жалғастырмақшы. Бірақ Мираштың өлімін «сексуалды сипаттағы зорлық әрекеті» деген бапқа ауыстыру керек», — дейді адвокат.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірге бұл іске қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар