Әскерде көз жұмған сарбаз өлімінің себебі анықталмады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскерде көз жұмған сарбаз өлімінің себебі анықталмады

Әскерде көз жұмған сарбаз өлімінің себебі анықталмады

Әскерге ұлын жіберіп, апта өтпей мәйітін алған ақтөбелік ата-ана тергеудің тым сылбыр жүріп жатқанына наразы. Таңатқан Өтеповтың қайтыс болғанына қырық күннен асса да, әлі күнге дейін сараптама қорытындысы шықпаған. Қара жамылған отбасы әскерилер мұны әдейі созбалаңға салып отыр деп күдіктенеді. Сап-сау жігіт Қосанайдағы әскери бөлімге түскен соң бірнеше күн өтпей психдиспансерден бір-ақ шыққан болатын. Кейін жағдайы нашарлап, сонда көз жұмған. Осы оқиғаны тексеріп жатқандар да әлі күнге жарытып жауап бере алмай отыр.

  • 4 Тамыз 2015
  • 390
Фото - Caravan.kz

Ойламаған жерде ұлынан айрылған Айман Өтепова бұл. Қамкөңіл анадан Таңатқанының өліміне қатысты күдік сейілер емес. Бір жарым ай бұрын ақжол тілеп шығарып салған ұлы Қостанайдағы әскери бөлімнен бес күн өтпей жатып табытпен оралды. Тепсе темір үзетін жігіт сапта тұрып сандырақтап, кейін ақыл-есі кем жандарды емдейтін мекемеге жатқызылған. Оның мұндай күйге қалай түскенін сол күйі ешкім түсіндіріп бере алмапты.

Айман Өтепова, анасы:

— Ешқандай жауап, ештеңе жоқ. Жабулы қазан жабулы күйінде қалайын деп тұрған сияқты. Мен сап-сау жіберген баламды үш күнде мұндай хабарын алып, бес күнде сүйегін алып үйге келем деп ойлаған жоқпын еш уақытта.

Өтеповтер отбасы Таңатқанның қырық күндік садақасын да өткізді. Ал осы уақыт ішінде сарбаздың жұмбақ өліміне қатысты құрылған комиссиядан еш жауап жоқ. Сараптама қортындысын себепсіз созып жіберді дейді марқұмның туыстары.

Дүйсенбай Өтепов, әкесі:

— Әділдігін берсе екен. Анықтаса екен. Қорқатыным, күннен-күнге созған сайын. Бұрын жауап беріп жүр еді. Эксперт дайын болсын, 24-і болады, 25-і болады, 26-сы болады деді. Осы күні жауап бермей қалды ешкім де. Адам іздемеуге бола ма? Сондай жауапсыздыққа баруға бола ма?

Қостанайлық тергеушілер сарбаз өліміне қатысты тұшымды жауап бере алмай отыр. Алғашқы тексерулері тек Таңатқан Өтеповтың есірткі қолданбағанын анықтаған. Сондықтан тағы бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындапты. Бірақ оның нәтижесі қашан әзір болатынын нақты айта алмайды. Ал ұлынан айырылған отбасы болса, Президент әкімшілігінен бастап, Мәжіліс депутаттарына дейін арызданған. Әйтеуір біреуінен жауап келер деп үміттенеді. 

Соңғы жаңалықтар