Әскерге күзгі шақырылымның жөнелтуі жақында басталады - Қорғаныс министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскерге күзгі шақырылымның жөнелтуі жақында басталады - Қорғаныс министрлігі

Әскерге күзгі шақырылымның жөнелтуі жақында басталады - Қорғаныс министрлігі

19 қазаннан бастап, әскерге шақыру, «Күз-2015-тің» алғашқы жөнелтуі басталады.

  • 7 Қазан 2015
  • 506
Фото - Caravan.kz

Алдын ала шақырылғандар 19 қазаннан бастап, Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне жөнелтіледі, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен. 

Қазір Қарулы Күштері, ҰҚК Шекара қызметі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімдері үшін әскери командаларды алдын ала қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Әскери бөлімдерді жасақтау экс-аумақтық және аумақтық қағидаттар бойынша жүзеге асырылады. Бөлу кезінде шақырылуға дейінгі болашақ сарбаздардың алған мамандықтары, дене және моральдық-психологиялық дайындығы ескеріледі.


1 қазанда елімізде күзгі шақыру кампаниясы басталғанын естеріңізге сала кетейік. Аудандық және облыстық комиссия шақырылушыларды медициналық куәландыруды, жеке істерді зерделеуді жүзеге асырады, ата-аналарымен түсіндірме жұмыс жүргізеді.

Осы күзде мерзімді әскери қызметке кейінге қалдырылуға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 12 мыңнан аса қазақстандықты жолдау жоспарлануда. Олардың 4000-ға жуығы Қарулы Күштердің бөлімдерінде қызмет ететін болады.

Соңғы жаңалықтар