Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2020 жылдың 11 мамырында еліміздегі төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты ҚР президентінің Жарлығымен мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру және әскери борышын атқарғандарды қайтару жұмысы басталған.
Осы жолғы мерзімді әскери шақыру пандемия жағдайында өтіп отыр. Коронавируспен күрес кезінде Қарулы күштер елімізді қорғап қалуға әрдайым дайын екендіктерін көрсетті. Өйткені қаладағы залалсыздандыру жұмыстарына, блок-бекеттегі және патрульдеу жұмыстарының бәріне әскерилер қатысты, — деді ол.
Сонымен қатар, ол қазір әскер қатарына шықырылып жатқандар арасында коронавирус жұқтырғандарды жібермеу маңызды болып отырғанын айтты.
Егер науқастар өтіп кетсе, еліміздің жауынгерлік жағдайына тікелей қауіп төнеді. Сондықтан қазір әскерге шақырылғандар арасында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біріншіден, әкімнің шешіміне байланысты медициналық комиссияның құрамына жұқпалы аурулар маманы қосылды және барлық шақыру орындарында медициналық пост қойылды. Яғни әрбір шақырылған азаматтың дене қызуы тексеріліп, бірден жұқпалы аурулар дәрігеріне барады, — деді Амантай Өсербаев.
Сондай-ақ, шақыру орындарына күніне екі рет дезинфекция жұмыстары жүргізіліп отыр.
Оның айтуынша, биыл әскерге шақырылғандардың ант қабылдау рәсіміне ата-аналары мен туыстары шақырылмайды. Дегенмен, санитарлық нормаларды сақтай отырып, ант қабылдау рәсімі өткізіледі.